Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмысты ұйымдастыру

Диагностикалық (зерттеу, тексеру, бақылау)

          Мектепке жаңадан қабылданған оқушылардың танымдық әрекетін және сенсорлық қабілетін тексеру;

 — Медициналық-психологиялық-педагогикалық құжаттарды зерттеу;

  -Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларының тізімін жасау. ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарын зерделеу

  -Ата-аналармен әңгіме-сауалнама өткізу, оқушы туралы мәліметтерді жинау, әңгімелесу хаттамасына мәліметтерді енгізу

  — ЕБҚ-мен оқушыны бірнеше күн бойы бақылап отыру, «сабақта оқушыны бақылау хаттамасы» ағымдағы нысанын толтыру

  — Бақылау, әңгімелесу, ата-аналарға сауалнама жүргізу және «оқушының сипаттамасы» нысанында тереңдетілген зерттеу нәтижелерін қорыту;

  — Бастауыш сынып оқушыларының оқудағы қиындығы мен бұзылыс түрлері мен себептерін анықтап есепке алу

Коррекциялық (түзету) бағыты бойынша

          Коррекциялық жұмыс оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, дамуындағы кемшіліктерді түзетуге, компенсаторлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Бұл бағыттың негізгі мақсаттары – оқу-танымдық дағдыларды, сөйлеу тілін, мінез-құлық пен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушының мектептегі бейімделуін қамтамасыз ету.

Коррекциялық жұмыстың негізгі міндеттері:

  • Танымдық процестерді (зейін, есте сақтау, ойлау, қабылдау) дамыту;
  • Сөйлеу тіліндегі дыбыстық, лексикалық-грамматикалық және байланыстырып сөйлеу дағдыларын түзету;
  • Күнделікті оқу әрекетіне қажетті дағдыларды қалыптастыру (оқу, жазу, санау дағдылары);
  • Эмоциялық-ерік саласын қолдау, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту;
  • Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, құрдастарымен қарым-қатынас құру қабілетін нығайту;
  • Мотивацияны арттыру, оқу процесіне қызығушылығын қалыптастыру.

ЕББҚ ететін оқушылардың жалпы саны: 70 оқушы

1-11 сынып аралығында – 41 оқушы

Мектепалды даярлық тобында – 29 оқушы

ПМПК қорытындысындағы бастапқы диагноздары бойынша саны

ДиагнозсаныПайызы %
Психикалық дамуы тежелуі (ЗПР)4158,5
Жеңіл ақыл-ой бұзылыстары1317,8
Жалпы сөйлеу тілі дамымауы1013,6
Ринолалия  11,3
Көру қабілеті бұзылысы11.3
Есту қабілеті бұзылысы (КИ)34,1
Тірек-қимыл бұзылысы11,3