🎓✨ Алғашқы аттестаттар – алғашқы жетістік!
Бүгін «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған №82 жалпы білім беретін орта мектебінде 9-сынып оқушыларына негізгі орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Былтыр ғана пайдалануға берілген жаңа мектеп үшін бұл ерекше күндердің бірі болды. Білім мен тәрбиеге толы бір белесті еңсерген оқушыларымыз бүгін алғашқы аттестаттарын қолдарына алып, болашаққа тағы бір маңызды қадам жасады.
Аттестат – оқушылардың бірнеше жылғы еңбегі мен ізденісінің нәтижесі. Алда оларды жаңа мақсаттар, жаңа белестер мен үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр.
🌟 Қымбатты шәкірттер! Білімге деген құштарлықтарыңыз бен армандарыңыз сіздерді әрдайым биік жетістіктерге жетелесін. Алдағы таңдаған жолдарыңыз ашық болып, мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз өмірлеріңізге берік негіз болсын!






















