Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы А. Латыптың 2025 жылғы 28 мамырдағы №271 бұйрығына сәйкес, «№82 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ жанынан Қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының негізінде «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» бекітілген болатын. Осы қағидаларға сәйкес, білім беру ұйымдары жанында қамқоршылық кеңестер құрылады және олардың қызметі ашықтықты қамтамасыз етуге, мектеп пен қоғам арасындағы серіктестікті күшейтуге бағытталады.
Қамқоршылық кеңес – мектептің дамуына қоғамдық қолдау көрсететін, әлеуметтік-мәдени бастамаларды қолдайтын, материалдық-техникалық базаны жақсартуға, оқушылардың игілігі үшін қажетті жағдайлар жасауға қатысатын консультативтік-кеңесші орган.
Қамқоршылық кеңестің негізгі мақсаттары:
- Мектептің дамуына қоғамдық қолдау көрсету;
- Оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасауға атсалысу;
- Әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы, ерекше білім алушы балаларға қолдау көрсету;
- Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша ұсыныстар жасау;
- Білім ұйымының ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;
- Мектеп пен ата-ана, қоғам арасындағы серіктестікті күшейту.
Қамқоршылық кеңестің бекітілген құрамы:
- Ази Есентүгел Аманкелдіұлы – кеңес төрағасы;
- Утепбаева Элвера Хамитовна – кеңес мүшесі;
- Шайгазина Арайлым Маратбекқызы – кеңес мүшесі;
- Сағымкереева Бағдагүл Сағымкерейқызы – кеңес мүшесі;
- Мырзатаева Бағдагүл Молбаевна – кеңес мүшесі;
- Байлиев Турар Абдирахманович – кеңес мүшесі;
- Әкбарова Мақпал Қыдырәліқызы – кеңес мүшесі;
- Саймагамбетова Айгуль Мукашевна – кеңес мүшесі;
- Тулеуова Гульсана Шортаевна – кеңес мүшесі;
- Жолайбеков Саян Бериккалиевич – кеңес мүшесі;
- Панегазиева Ботагоз Бекбатырқызы – кеңес мүшесі;
- Есбергенова Наташа Ивановна – кеңес мүшесі;
- Бекмурзин Дәуренбек Гаппарович – кеңес мүшесі;
- Нарбаев Ерхан Нурланович – кеңес мүшесі;
- Мынжанова Индира Жеткербаевна – кеңес мүшесі;
- Басарова Камшат Басарқызы – кеңес мүшесі;
- Байбактиева Гаухар Амангелдиевна – кеңес мүшесі,
Қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысы
Кеңестің алғашқы ұйымдастыру отырысы өткізіліп, келесі бағыттар бойынша шешімдер қабылданды:
- Кеңестің жылдық жұмыс жоспары бекітілді;
- Мектептің ортақ мәселелері талқыланып, даму бағыттары айқындалды;
- Әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушылар тізімі қаралып, көмек көрсету жолдары ұсынылды;
- Мектептің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға қатысты ұсыныстар енгізілді;
- Оқу жылы ішінде атқарылатын бірлескен шаралар форматы анықталды;
- Кеңес мүшелеріне мектептің тәрбие, қауіпсіздік және білім сапасы бағыттары туралы ақпарат берілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша кеңес мектеп өміріне қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, нақты шешімдер қабылдады.
Қамқоршылық кеңес алдағы уақытта да мектептің дамуына, оқушылардың игілігіне жұмыс істейтін болады.



