☀️🏕️ «Балдәурен» жазғы лагерінің 2-күні мазмұнды әрі қызықты өтті! 🌈✨

☀️🏕️ «Балдәурен» жазғы лагерінің 2-күні мазмұнды әрі қызықты өтті! 🌈✨

Лагерь тәрбиеленушілері күнді сергек көңіл-күймен бастап, таңғы жаттығу жасады. 🤸‍♂️🤸‍♀️ Балалар таза ауада газон алаңында футбол ойнап, белсенді демалды. ⚽🌿

Күн тәртібіне сәйкес лагерь дәрігері оқушылардың бойы мен салмағын өлшеп, денсаулық көрсеткіштерін бақылаудан өткізді. 👩‍⚕️📏⚖️

Балалар түрлі қызықты ойындарға қатысып, уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді. 🎯🎲 Сондай-ақ дәмді әрі құнарлы тамақтанып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын шараларға белсене қатысты. 🍽️😊

Күннің ерекше сәттерінің бірі – оқушылардың планетарийге саяхаты болды. 🌍🪐✨ Балалар ғарыш әлемі, жұлдыздар мен ғаламшарлар туралы қызықты мәліметтер алып, аспан әлемінің тылсым сырларымен танысты.

Осылайша, лагерьдің екінші күні балаларға жаңа білім, жарқын әсер және ұмытылмас естеліктер сыйлады. 💙🌟🏕️