🎈👧👦 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

🎈👧👦 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мектебімізде көтеріңкі көңіл күймен аталып өтті. Оқушылар ән шырқап, би билеп, түрлі ойындар мен сайыстарға қатысып, мерекелік көңіл-күйге бөленді. 🎉✨

Сонымен қатар, жазғы демалыстың жарқын бастамасы болған «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінің салтанатты ашылуы өтті. ⛺🌿

🌈 Балалардың шат күлкісі мен қуанышы мерекенің сәнін келтірді. Барша бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, денсаулық, бақытты балалық шақ және жарқын жазғы демалыс тілейміз! 💙☀️