🌸 4 “Б” класс оқушыларының қатысуымен «Бастауыш – білімнің алтын тұғыры» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігі жоғары деңгейде өтті 🎓✨
Ертеңгілік барысында оқушылар бастауышта алған білімдері мен есте қалған қызықты сәттерін еске алып, ән айтып, би билеп, сахналық көріністер көрсетті 🎤💃🕺 Әрбір өнері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, жылы әсер қалдырды ❤️
4 “Б” класында өткен бұл ертеңгілікті класс жетекшісі Тажгалиева Тенгеш Сагындыковна ұйымдастырып, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, кештің мазмұнды өтуін ұйымдастырды🌷📚
Бұл ертеңгілік – оқушылар үшін бастауышпен қоштасып, жаңа белеске қадам басқан ерекше әрі әсерлі сәттердің бірі болды 🌟













