🌞🏕️ «Балдәурен» жазғы лагерінің 8-күні
Бүгін «Балдәурен» жазғы лагерінде балалар үшін қызықты әрі танымдық күн өтті. Күн дәстүрлі түрде таңғы жаттығудан басталып, балалар сергектік пен көтеріңкі көңіл күйге бөленді. 🤸♀️✨
Одан кейін дәмді таңғы ас ішкен оқушылар кітапханаға барып, қызықты кітаптар мен ертегілер оқып, кітап әлеміне саяхат жасады. 📚📖 Балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында түрлі сергіту ойындары ұйымдастырылып, олар белсенді түрде қатысты. 🎲🎯
Күннің келесі бөлігінде балалар сүйікті мультфильмдерін тамашалап, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі сәттерге бөленді. 🎬🍿
Сондай-ақ лагерь тәрбиеленушілері табиғат аясында пикникке шығып, таза ауада демалып, достарымен қызықты уақыт өткізді. 🌳🧺☀️
Балалар үшін бұл күн қуанышқа, жаңа әсерлерге және жарқын естеліктерге толы болды! 💚🏕️✨






















