🎉🌟 «Балдәурен» жазғы лагерінің бірінші маусымының соңғы күні 🌟🎉

🎉🌟 «Балдәурен» жазғы лагерінің бірінші маусымының соңғы күні 🌟🎉

Бүгін «Балдәурен» жазғы лагерінің жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Шара барысында әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысып, өздерінің өнері мен қабілеттерін көрсеткен балақайлар марапатталып, жүлделі орындарға ие болды. 🏆👏

Сонымен қатар, лагерь жұмысына жауапкершілікпен қарап, балалардың қызықты демалысын ұйымдастыруға үлес қосқан үздік топ жетекшілері де марапатталды. 🌹🎖️

Оқушылар ән айтып, би билеп, түрлі шығармашылық өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. 🎤💃🕺

«Балдәурен» лагері балаларға жарқын естеліктер, жаңа достар мен ұмытылмас әсерлер сыйлады. Барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, қызықты демалыс пен белсенділіктері үшін алғыс айтамыз!

Келесі кездескенше, «Балдәурен»! ☀️❤️

📸✨ Лагерьдің жарқын сәттері әр баланың жүрегінде сақталары сөзсіз!