✨🎶 Арман шындыққа айналған күн…

✨🎶 Арман шындыққа айналған күн…

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік көрмеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған Ақтөбе қаласындағы №82 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары ұсынған ерекше туынды көпшіліктің зор ықыласына бөленген болатын. 🧩🎨

Оқушылар әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесін 3️⃣0️⃣0️⃣0️⃣ LEGO бөлшегінен құрастырып, бұл шығармашылық жұмысты 1️⃣ апта бойы үлкен ыждағаттылықпен дайындады. Әрбір бөлшекте балалардың табандылығы, шыдамдылығы мен өнерге деген сүйіспеншілігі жатыр. ✨

Ал бүгін сол еңбектің жемісі мен қуанышы еселенген ерекше кездесу өтті… 🌟

Димаш Құдайберген оқушылардың өзіне арнап жасаған LEGO туындысымен арнайы танысып, оның жасалу тарихын қызығушылықпен тыңдады. Жас таланттардың шығармашылығына таңданысын білдіріп, олардың еңбегіне жоғары бағасын беріп, жүрекжарды жылы лебізін жеткізді. 💫

Кездесу соңында Димаш Құдайберген оқушыларға ерекше сый жасап, өз атынан «Шұғыла» балалар сауықтыру лагеріне 1️⃣0️⃣ күндік демалыс жолдамасын тарту етті. 🎁🏕️ Бұл тосын сый балалардың қуанышын еселеп, кездесу әсерін одан әрі ұмытылмас сәтке айналдырды.