🎓 Бүгін мектебімізде ерекше әрі маңызды шара өтті!  

Бүгін мектебімізде ерекше әрі маңызды шара өтті! «Келешек мектептері» жобасы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мектеп педагогтерінің кәсіби дамуын қолдау мақсатында 11 базалық пәнді қамтитын курс ұйымдастырған болатын. Педагогтеріміз LMS платформасы арқылы онлайн оқуды сәтті аяқтап, кәсіби шеберліктерін жаңа деңгейге көтерді.

Марапаттау салтанатында «Өрлеу» кәсіби даму институтының Ақтөбе облысы бойынша бөлім меңгерушісі Бухарбаев Болат Қайроллаұлы құттықтау сөзін айтып, сертификаттарды табыстады. Бұл — ұстаздарымыздың білімге деген талпынысы мен үздіксіз дамуға деген ұмтылысының айқын көрсеткіші. Құрметті педагогтер! Жетістіктеріңіз құтты болсын! Кәсіби жолдарыңыз табысты, жаңалықтарға толы болғай! Білім биігін бірге бағындырайық!