Мектебіміздің 10-сынып оқушылары Өмірзақов Ерқанат пен Жақсығали Алдияр информатика пәнінің мұғалімі Мақат Жаналы Қабисұлтанұлының жетекшілігімен мектеп қауіпсіздігін арттыруға бағытталған QALQAN AI жобасын әзірледі.
Жоба жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологиялары арқылы мектептегі қауіпті жағдайларды ерте анықтап, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
Бүгін жоба Облыстық педагогтердің тамыз кеңесі аясында ұйымдастырылған көрмеде таныстырылып, білім беру саласындағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін көрсетті.
Жобамен танысқан Ақтөбе облысының әкімі Асхат Берлешұлы мен Облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Бисембайқызы жобаға оң бағасын беріп, оқушылардың ізденісі мен ұстаз еңбегін жоғары бағалады.










