Бүгін мектебімізге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымдық даму департаментінің директоры Айқожа Ахметжанұлы Әбсадықов арнайы келіп, мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. 🤝
Сапар барысында мектептің заманауи инфрақұрылымы 🏫, оқу кабинеттері 📚, білім алушыларға жасалған жағдайлар 👩🎓👨🎓, оқу-тәрбие үдерісі және «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында мектебімізде атқарылып жатқан жұмыстар көрсетілді. 🚀
Кездесу барысында мектебіміздің материалдық-техникалық базасы 💻, инфрақұрылымды тиімді пайдалану және білім алушыларға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар таныстырылды. ✨











