📚 1 қыркүйек – Білім күніне орай мектебімізде 2026–2027 оқу жылына арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. 🔔

🔔 «Мектебім – мейірім мекені»

1 қыркүйек – Білім күніне орай мектебімізде 2026–2027 оқу жылына арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті.

Мерекелік шараға арнайы қонақтар — Ақтөбе облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Үразбаева Ләззат Аманжолқызы және облыстық мәслихат депутаты Махамбетов Нұрлан Жанабекұлы қатысты.

Құрметті қонақтар ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жас ұрпаққа жарқын болашақ пен биік жетістіктер тіледі.

Биыл мектебіміздің табалдырығын алғаш рет 330 бүлдіршін аттап, білім әлеміне қадам басты.

Салтанатты жиынның шарықтау шегі — алғашқы қоңыраудың сыңғыры. Бұл – жаңа білімге, жаңа арманға және жаңа белестерге бастар жарқын жолдың бастауы.

📚 Жаңа оқу жылы құтты болсын! Жас ұрпаққа жарқын болашақ, ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!