Мектебімізде қаламыздың қадірлі ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелеріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Оқушыларымыз ән айтып, би билеп, өлең жолдарын оқып, жүрекжарды тілектерін арнап, үлкендерге деген сый-құрметін көрсете білді 🌸
Бұл күн – өмірдің мәнін ұғындырып, дана сөздерімен, парасатты жолымен ұрпаққа өнеге болған жандарға алғыс айтатын ерекше мереке.
Қарттарымыз — ақылдың кені, тәрбиенің тірегі, баға жетпес қазынамыз!
🎶 Жылы жүздер, ізгі ниет, шынайы құрмет пен ризашылыққа толы әсерлі сәттер бір кеште тоғысты.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың бойында адамгершілік пен үлкенге құрмет сезімін қалыптастырады.





