Қатысушылар: ата-аналар
1. Баланың оқу барысы, мектеп тарапынан көрсетілетін қолдау және ұйымдастыру
2. Әлеуметтік қолдау, отбасы мен мектеп арасындағы байланыс және оқушының әлеуметтенуі
3. Баланың дұрыс сөйлеуіне, дыбыстарды анық айтуына және тіліндегі қиындықтарды жеңуіне бағыттау
4. Танымдық даму, оқу дағдыларының қалыптасуы және жеке білім беру бағдарлама бойынша жұмыстар
5. Баланың эмоционалдық жай-күйі, мінез-құлық ерекшелігі және бейімделуі.
2025 жылғы 05 желтоқсанда ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналарына арналған «Баланың оқуындағы, дамуы мен бейімделуіндегі маңызды сұрақтар бойынша» мамандар күні өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналарға баланың оқу процесі, дамуы, әлеуметтік және эмоционалдық бейімделуі бойынша кешенді қолдау көрсету, сондай-ақ мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Мамандар күні барысында келесі бағыттар бойынша түсіндіру және кеңес беру жұмыстары жүргізілді:
- Баланың оқу барысы, мектеп тарапынан көрсетілетін қолдау және ұйымдастыру.
Ата-аналарға баланың оқу процесін ұйымдастыру, мектеп тарапынан көрсетілетін педагогикалық, психологиялық және коррекциялық қолдау түрлері, жеке қажеттіліктерін ескеру жолдары туралы мәліметтер берілді. - Әлеуметтік қолдау, отбасы мен мектеп арасындағы байланыс және оқушының әлеуметтенуі.
Баланың әлеуметтік ортаға бейімделуі, құрдастарымен қарым-қатынасы, отбасы мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығы түсіндірілді. - Баланың дұрыс сөйлеуіне, дыбыстарды анық айтуына және тіліндегі қиындықтарды жеңуіне бағыттау.
Логопед маман баланың сөйлеу тілін дамыту, дыбыстарды дұрыс айту, тіл кемшіліктерін түзету бойынша ата-аналарға практикалық ұсыныстар берді. - Танымдық даму, оқу дағдыларының қалыптасуы және жеке білім беру бағдарламасы бойынша жұмыстар.
Баланың танымдық қабілеттерін дамыту, оқу дағдыларын қалыптастыру және жеке білім беру бағдарламасының (ЖББ) мазмұны мен іске асырылу жолдары түсіндірілді. - Баланың эмоционалдық жай-күйі, мінез-құлық ерекшелігі және бейімделуі.
Психолог маман баланың эмоционалдық жағдайын қолдау, мінез-құлықтағы ерекшеліктерді түсіну және мектеп ортасына бейімделуіне көмектесу бойынша кеңестер ұсынды.
Іс-шара соңында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мамандармен жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Мамандар күні ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға көрсетілетін қолдаудың тиімділігін күшейтуге бағытталды.





