Мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында маңызды мәселелер қарастырылды. Мектеп директоры Абзал Амантайұлы 2025 жылы атқарылатын жұмыстар бойынша қоғамдық есеп беріп, мектептің жетістіктері мен алдағы жоспарларына тоқталды.
Мектеп инспекторы Адаев Аслан Маратович құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасап, оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды түсіндірді. Жиналыс соңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауап алды.
Ата-аналармен ашық әрі тиімді байланыс орнатып, бірлесе жұмыс істеу-басты мақсатымыз!














