«Таза жүрек» қайырымдылық жәрмеңкесі.

16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде желтоқсан айындағы іс-шаралар аясында «Таза жүрек» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңке барысында оқушылар өз қолдарымен дайындаған түрлі тағам өнімдерін ұсынып, белсенділік танытты. Бұл іс-шараның басты мақсаты-өскелең ұрпақты мейірімділікке, қайырымдылыққа, жауапкершілікке және адал еңбекке баулу.. Осындай игі бастамаларға баулу арқылы оқушылар тек ұлттық мерекені атап қана қоймай, таза ниет пен жылы жүректің маңызын терең түсінді.