Бүгін мектеп ұжымымен мазмұнды әрі өзекті кездесу өтті.🤝
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер жан-жакты талқыланды.🇰🇿📘 Әсіресе білім мен ғылым саласына қатысты нормаларға ерекше назар аударылды.🎓🔬 Орта білімнің қолжетімділігі, жоғары білім алудағы тең мүмкіндіктер ⚖️ білім беру саласының стратегиялық маңызы жане педагог мәртебесін қорғау маселелері кеңінен қозғалды.
Ұстаз — ұлт болашағын қалыптастыратын басты тұлға. Сондықтан Конституциядағы әрбір өзгеріс білім беру жүйесіне тікелей әсер ететіні атап өтілді.
🧭 Пікір алмасу ашық, еркін форматта өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды. 💬 Білімді ұрпақ — әділетті қоғамның негізі. ✨ Бірлесе талқылау, бірге шешім қабылдау баршамыздың ортақ, жауапкершілігіміз 🇰🇿🤍

