📌 «МЕКТЕП–ОҚУШЫ–АТА-АНА: заң, тәртіп және цифрлық ортадағы бірлескен тәрбие» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өтті
Бүгін мектебімізде 🕑 2-ауысымда оқитын оқушылардың ата-аналары үшін 2–3 сыныптар (бастауыш) және 6–7–8 сыныптарда ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылды.
📝 Жиналыс барысында 📚 кластың оқу үлгерімі мен білім сапасы, ⚖️ заң талаптары мен мектеп тәртібі, 📱 цифрлық ортадағы қауіптер (кибербуллинг, қауіпті чаттар, ойынқұмарлық, әлеуметтік желідегі тәуелділік), 🤝 тәртіпті сенім арқылы қалыптастыру, 🗺️ 2ГИС қосымшасы арқылы мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты күшейту, 👨👩🏫 ата-ананың тәрбиедегі жауапкершілігі мен серіктестік рөлі мәселелері бірізді түрде қаралды.
💬 Әр кластарда ата-аналармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, нақты сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды.










