Калдыбаева Мереке Сыдыковна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Өмірбаян

Мен, Калдыбаева Мереке Сыдыковна, 1982 жылғы 4 қарашада Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңесту совхозында дүниеге келдім. Туған жерім – мен үшін әрдайым қасиетті мекен, өмірге деген құштарлығым мен арман-мақсаттарымның бастауы болған алтын бесігім.

1990–1999 жылдар аралығында Калинин орта мектебінде білім алып, 1999 жылы мектепті тәмамдадым. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ ұстаз болуды армандап, бала жүрегіне білім нәрін себетін маман иесі атануды мақсат еттім. Осы арман мені 2001 жылы Ақтөбе өңірлік педагогикалық институты жетеледі. 2001–2006 жылдар аралығында аталған оқу орнында білім алып, жоғары оқу орнын сәтті аяқтадым.

Еңбек жолымды әр қырынан шыңдау мақсатында 2006–2012 жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналыстым. Бұл кезең маған жауапкершілік пен табандылықты, ұйымдастырушылық қабілетті дамытуды үйретті.

2013–2014 жылдары «Малика» балабақшасында жұмыс жасап, бүлдіршіндердің балғын әлемімен қауыштым. Ал 2014–2017 жылдар аралығында «№45 жалпы білім беретін орта мектеп» ММ-де бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еттім. Бұл жылдар мен үшін кәсіби тұрғыдан қалыптасу, шәкірт жүрегіне жол табу кезеңі болды.

2017–2019 жылдары «№67 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де әдіскер қызметін атқарып, ұстаздардың тәжірибе алмасуына және білім сапасының артуына үлес қостым.

2019–2025 жылдар аралығында «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ-де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Бұл қызмет мені басқару ісіне баулып, ұжыммен бірлесе отырып сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бағытталған игі бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

2025 жылдың сәуір айынан бастап «№82 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.

2016 жылы Педагогикалық орталықта «Үшінші деңгейлік» курс бағдарламасын аяқтадым.

2023 жылы «Білім берудегі менеджмент» тақырыбында 80 сағаттық біліктілік арттыру курсын тәмамдадым.

Бастауыш сынып пәні мұғалімі ретінде қолда бар санатым педагог-зерттеуші .

2025 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары бойынша ІІ санатты басшы орынбасары санатын қорғадым.

 Білім саласындағы әр күнім – ізденіс пен жаңашылдыққа, кәсіби өсуге бастайтын маңызды қадам.

Өмірлік ұстанымым – адал еңбек, үздіксіз ізденіс және жас ұрпаққа сапалы білім беру арқылы ел болашағына қызмет ету.