Еңбекке адал жанның мерейлі белесі – 6️⃣0️⃣ жас! ✨

✨ Еңбекке адал жанның мерейлі белесі – 6️⃣0️⃣ жас! ✨

Мектебіміздің тазалығы мен ұқыптылығына жауап беріп, білім ордамыз ашылған күннен бастап аянбай еңбек етіп келе жатқан ардақты әріптесіміз Туретаева Алия Баймуратовнаның 6️⃣0️⃣ жас мерейтойы ұжымымызбен бірге жоғары деңгейде аталып өтті. 🎉

Ол кісі – қарапайымдылық пен жауапкершіліктің, табандылық пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі. Таңнан кешке дейін тынымсыз еңбек етіп, мектептің әр бұрышының таза әрі жайлы болуына өз үлесін қосып келеді. Осындай жанашыр жандардың арқасында білім ордамыздың берекесі артып, оқушыларымызға қолайлы орта қалыптасуда. 🏫✨

Алия Баймуратовна сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңыздың амандығын және еңбегіңіздің әрдайым еленуін тілейміз! 🌷