Үздік ашық сабақ — 2025

Мектебіміздің ұстаздары — ағылшын тілі пәні мұғалімі Утаршиева Гульзада Серикбаевна мен бастауыш сынып мұғалімі Тобағабылова Жайнагүл Серікқызы “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы, “Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты”, “Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры” ҚҚ ұйымдастыруымен өткен “Үздік ашық сабақ — 2025” атты Республикалық педагогикалық байқауының салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, құрметке бөленді. Бұл – қажырлы еңбектің, білім мен тәрбие жолындағы адал қызметтің бағаланған сәті.
Марапат – тек жеке жетістік емес, бұл бүкіл ұжымның ортақ жеңісі!
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! 💐👏