Жұбаназаров Сұлтан Аманжолұлы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

  • 1997 жылы 28 ақпанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласында дүниеге келген.
  • 2018 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін 5B070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген.
  • 2021 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін 7M04105 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім бағдарламасы бойынша экономика ғылымдары магистрі дәрежесін алды.
  • 2023 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін 6B01503 – «Информатика» мамандығы бойынша қайта даярлау курсын тәмамдады.
  • 2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде 8D04103 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім бағдарламасы бойынша докторантурада білім алуда.
  • Экономика ғылымдары магистрі.
  • Санаты: Педагог-модератор.

Мансап

  • Еңбек жолын 2018 жылы Ақтөбе облысының «Ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ-де ақпараттандыру бөлімінің маманы болып бастаған.
  • 2018–2019 жылдары ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ШЖҚ РМК Ақпараттық есептеу орталығының Ақтөбе облысы бойынша филиалының жетекші маманы.
  • 2021–2022 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг» кафедрасының оқытушысы.
  • 2022–2024 жылдары «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ-нің информатика пәні мұғалімі.
  • 2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін «№82 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де информатика пәні мұғалімі.
  • 2026 жылғы 12 қаңтарда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Қосымша деректер

  • 03/2020–06/2020 Katowice Business University (Польша) «Менеджмент» мамандығы (магистратура) бойынша «Exchange My World» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тағылымдамадан өткен.
  • 01/2021–06/2021 Конрад Аденауэр атындағы Қордың «SUR-PLACE (SPS)» жергілікті стипендия-грантының иегері.
  • 01/2025–06/2025 University of Santiago de Compostela (Испания) «Аймақтық даму және экономикалық интеграция» мамандығы (докторантура) бойынша «Erasmus+» бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өткен.