Баймишева Айнұр Мырзабекқызы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Өмірбаян

Баймишева Айнұр Мырзабекқызы, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылында 1984 жылы 17-қарашада дүниеге келген. 1990-2001 жылдар аралығында  Нұра ауылындағы Т.Жүргенов атындағы орта мектепті тәмамдаған. 2001-2006 жылдар аралығында — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің “психология, психология пәнінің оқытушысы” мамандығын аяқтаған. Еңбек жолы: 2006-2025 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы “№ 40 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ-де 19 жыл педагог-психолог болып қызмет атқарған. 2025 жылы 1 сәуірден бастап, Ақтөбе қаласындағы “№82 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ оқу ісі жөніндегі орынбасар болып конкурс арқылы жұмысқа қабылданған. Педагог-зерттеуші. 2-санатты басшы орынбасары.

Жұмыс тәжірибесі:

  • Ақтөбе облыстық білім басқармасы Аттестациялық комиссия мен сараптамалық кеңестің, пәндер бойынша сарапшысы, 2024;
  • Облыстық деңгейдегі мобилді топ мүшесі;
  • Қалалық білім беру мекемелерінде әдістемелік көмек көрсету және зерделеу жұмыстарының комиссия мүшесі;
  • «Қалалық жас психологтар» мектебінің жетекшісі (2013-2016жж);
  • «Қазақстан-Ақтөбе», «Рика ТВ» каналдарына психолог маман ретінде сұқбат беруші;
  • “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету шараларында психолог-жаттықтырушы;
  • “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы “Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтында” 2025 жылы дәріскер қызметі.

Білім жетілдіру курстары:

  • “Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты” коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған “Білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын-алу” тақырыбында 80 сағаттық біліктілік арттыру курсы;
  • “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан “Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу бойынша педагог-ассистенттің кәсіби құзыреттілігін дамыту” тақырыбы бойынша 80 сағаттық біліктілік арттыру курсы;
  • “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан “Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту” тақырыбы бойынша 80 сағаттық біліктілік арттыру курсы;
  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Мектеп директоры орынбасарларының кадрлық резерві: басқаруға кіріспе және әлеуетті дамыту» тақырыбындағы 360 академиялық сағат көлеміндегі ұзақ мерзімді біліктілік арттыру курсын тәмамдаған.

Марапаттары:

  • Ақтөбе облысының білім басқармасынан АЛҒЫС ХАТ;
  • Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан АЛҒЫС ХАТ,;
  • Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығынан АЛҒЫС ХАТ;
  • Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығынан АЛҒЫС ХАТ;
  • «Үздік психолог кабинеті-2023»  байқауында үздік нәтиже көрсеткені үшін ІІ дәрежелі ДИПЛОМ;
  • Облыстық «Үздік психологиялық апталық-2023» байқауының қалалық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткені үшін БАС ЖҮЛДЕ Диплом;
  • «Үздік психологиялық апталық-2023» облыстық байқауының жеңімпазы І дәрежелі ДИПЛОМ.