Шамшадин Төребек Мұратұлы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

1994 жылғы 14 маусымда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бегімбет ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінде алғашқы білім баспалдағына қадам жасап, 2012 жылы аталған мектепті ойдағыдай тәмамдады. Сол жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының ақысыз бөліміне қабылданды. Кейін «Химия-Биология» мамандығын аяқтап, 2021 жылы «Химия» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иеленді.

Еңбек жолын 2017 жылы Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінде химия пәні мұғалімі ретінде бастады. 2018 жылы №60 жалпы білім беретін орта мектебінде, кейін Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде қызмет атқарды. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалып, қазіргі таңда №82 жалпы білім беретін орта мектебінде осы қызметін жалғастыруда.

Жалпы еңбек өтілі: 8 жыл
Санаты: педагог-сарапшы

Біліктілікті арттыру курстары:

  • «Білім берудегі менеджмент» білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы (80 академиялық сағат);
  • «Химия пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7–9 сыныптардың қиын тақырыптары» бағдарламасы (80 академиялық сағат);
  • «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы (80 академиялық сағат);
  • «Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы» бағдарламасы (80 академиялық сағат);
  • «Формирование предметной и коммуникативно-языковой компетентности учителя в условиях обучения на трех языках» бағдарламасы (640 академиялық сағат);
  • TKT: Content and Language Integrated Learning (CLIL) халықаралық бағдарламасы.