2026 жылғы 4 наурыз күні №82 жалпы орта білім беретін мектептің кітапханасында «Қазіргі білім беру үдерісінде инклюзивті оқытуды жүзеге асыру: тәжірибе алмасу» тақырыбында мектепішілік семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикумның мақсаты – педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру және тәжірибе алмасу болды.
Іс-шараға мектептің жас мамандары, пән мұғалімдері, арнайы педагогтер мен психологтар қатысты. Семинар мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жүргізілді.
Семинарды мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.А.Жұбаназаров ашып, қазіргі білім беру жүйесіндегі инклюзивті ортаның маңыздылығы туралы айтып, педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған осындай тәжірибе алмасу алаңдарының тиімділігіне тоқталды.
Семинар барысында арнайы педагогтар К.Танатова, А.Тұралиева, Г.Кулданова «Ми гимнастикасы арқылы оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасап, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс барысында қолданылатын практикалық жаттығуларды көрсетті. Қатысушыларға оқушылардың зейінін, есте сақтау қабілетін және танымдық белсенділігін арттыруға арналған жаттығулар таныстырылды.
Сонымен қатар пән мұғалімдері инклюзивті білім беру жағдайында оқытудың әдістемелік ерекшеліктері туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері инклюзивті білім беру жағдайында пәнді оқытудың тиімді әдістемелік негіздері туралы баяндап, сараланған тапсырмалар мен оқыту тәсілдерін көрсетті.
Орыс тілі пәні мұғалімдері ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен сабақ барысында жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды. Мұғалімдер оқу материалын бейімдеу, тапсырмаларды жеңілдету және визуалды қолдау тәсілдерін қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері де ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері туралы айтып, тіл үйретуде қолданылатын интерактивті әдістер мен практикалық тапсырмаларды көрсетті.
Семинар соңында мектеп психологы қатысушылармен психологиялық ахуал қалыптастыруға арналған тренинг өткізіп, педагогтердің эмоционалдық күйін тұрақтандыру және командалық жұмысты нығайтуға бағытталған жаттығулар жүргізді.
Іс-шара барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, инклюзивті білім беруді тиімді ұйымдастыру жолдарын талқылады. Қатысушылар ұсынылған әдіс-тәсілдердің практикалық маңыздылығын атап өтіп, оларды оқу процесінде қолдану тиімді екенін жеткізді.
Қорытындылай келе, өткізілген семинар-практикум педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, инклюзивті білім беру тәжірибесін жетілдіруге және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.



