📢 Мектебімізде профилактикалық кездесу өтті

📢 Мектебімізде профилактикалық кездесу өтті

9, 10, 11-сыныптың ер балаларына арналған профилактикалық жиналыс өткізілді.

Жиналысты мектеп директоры мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, полиция аға лейтенант Адаев Асылан Маратович бірлесіп жүргізді. 👮‍♂️

Кездесу барысында оқушыларға:
📌 мектептегі тәртіп пен жауапкершілік
📌 сабаққа кешікпеу және себепсіз қалмау
📌 мектепке тыйым салынған заттарды әкелмеу
📌 көктем мезгілінде қоғамдық тәртіпті сақтау
📌 кәмелетке толмағандарға қатысты заң талаптары түсіндірілді.

Инспектор оқушыларға заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын айтып, әрбір жасөспірімнің тәртібі мен қауіпсіздігі ең алдымен өз жауапкершілігі екенін атап өтті. ⚖️

🤝 Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың сабаққа уақытылы келуін, себепсіз сабақтан қалмауын, сондай-ақ кешкі уақытта қайда жүргенін бақылауды сұраймыз.

Баланың тәрбиесі – мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі.