«Буллинг, қауіпсіздік және зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында мұғалімдерге тренинг-вебинар өткізілді.
Жұмыс түрі: ағартушылық
Мақсаты: Буллинг, қауіпсіздік және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мұғалімдердің білімін арттыру, құқықтық сауаттылығын жетілдіру және оқушылардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуін қамтамасыз ету.
Мұғалімдер арасында пікір алмасу өтті. Тәжірибе бөлісу барысында кейбір сыныптардағы нақты жағдайлар қарастырылып, алдын алу шаралары ұсынылды. Қаралған мәселелер:
1. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №506 бұйрығы бойынша буллингтің алдын алу құжаттарын таныстыру
2. №386 бұйрық аясында зорлық-зомбылық, кибербуллинг фактілерін ерте анықтау және көмек көрсету алгоритмі
Қорытынды:
— Мұғалімдер буллингке қарсы күрестің маңыздылығын түсініп, әрекет ету жолдарын меңгерді.
— Әр мұғалім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты екені айтылды.