Хаттама № 2

Қамқоршылық кеңес отырысы
Хаттама № 2

12.06.2025ж  

Өткізілген орны: «№82 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Уақыты: 18:00
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі өкілдері
Төрағалық еткен:  Е.Ази
Хатшы:  А. Ешова

Күн тәртібіндегі мәселелер:

 1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ашық жүргізу және ата-аналармен байланысын нығайту мақсатында ақпараттық бұрыш ашу туралы

                                                                                            (Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Е.Ази)

2. Бюджет қаражаты есебінен «Балдәурен» жазғы лагеріне әлеуметтік осал топтағы (5 санат бойынша) оқушыларға жолдама беру туралы мәселені қарау және мақұлдау.
                                                                           (Әлеуметтік педагог С.Қ. Шоқпарова)

3. Оқушыларды қаржылай қолдауға (монетизация) ұсыну туралы.

                                                                            (Әлеуметтік педагог С.Қ. Шоқпарова)

1 – ші мәселе бойынша  қамқоршылық кеңес төрағасы Е.Ази  сөз алып, қамқоршылық кеңес отырысын ашып күн тәртібіндегі қаралатын мәселелермен таныстырды.

Талқыланды:

Е.Ази: —  Құрметті кеңес мүшелері, ата-аналар, мектеп әкімшілігі!

Бүгінгі отырысымызда қаралатын маңызды мәселелердің бірі – Қамқоршылық кеңестің жұмысын одан әрі ашық жүргізу және ата-аналармен байланысын нығайту мақсатында ақпараттық бұрыш ашу туралы болып отыр.Қазіргі таңда білім беру жүйесінде ашықтық пен қоғаммен тығыз байланыс аса маңызды. Қамқоршылық кеңестің мақсаты – мектеп пен ата-ана, қоғам арасындағы байланысты нығайтып, өзара сенім мен қолдауды арттыру. Осы мақсатта мектеп ғимаратынан арнайы ақпараттық бұрыш ашу арқылы біз:

Кеңес отырыстарының хаттамаларын, кеңес құрамын, жоспарланған және атқарылған іс-шараларды, ата-аналар мен қоғамның ұсыныс-пікірлерін жинауға арналған байланыс құралдарын

қамтып, ашық ақпарат ұсынуға жағдай жасаймыз. Бұл бұрыш – ата-аналармен кері байланыс орнатуға, кеңес жұмысын жүйелі әрі жариялы түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан, осы бастаманы жүзеге асыруды ұсынамын.

Сөйлеушілер:

Утепбаева Э.Х: — Ақпараттық бұрыш ата-аналар үшін өте тиімді. Біз қандай жұмыстар атқарылып жатқанынан хабардар етіп, ұсынысымызды ашық айта аламыз.

Шайгазина А.М:  — Кеңестің жұмысы көрініп тұруы мектептің беделіне де оң әсер етеді.  Бұл – сенімді арттыратын жақсы қадам. Ашықтық – мектеп пен ата-ана арасындағы алтын көпір.

II ші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Шоқпарова Сұлу Қайратқызы сөз алды:

— Құрметті  Қамқоршылық кеңес мүшелері! Жазғы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру,  оларды сауықтыру және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында мектеп жанындағы “Балдәурен” жазғы сауықтыру лагерь өз жұмысын бастайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі  № 158 бұйрығына 11-қосымша сәйкес төмендегі құжаттар қабылданатыны жөнінде өңдірістік жиналыста сынып жетекшілерге хабарланды.

 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; Анықтама

      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға; ең төменгі күнкөріс деңгейі 46228 мың.

      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

      4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

      5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қаржылық және материалдық көмек көрсету тәртібін айқындайды. Cынып жетекшілерінің мәліметіне сәйкес, мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушылар саны —75 оқушы ІІ-кезеңге тиісті құжаттары тапсырды.  Олардың ішінде:

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан – 7 оқушы.

Толық емес отбасынан шыққан  — 22 оқушы;

Көп балаы отбасынан шыққан -34

Ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасы 12 оқушы

Бюджет қаражаты есебінен «Балдәурен» жазғы лагеріне әлеуметтік осал топтағы (5 санат бойынша) 75 оқушыға ІІ-кезеңге  жолдама беру туралы мәселені қарау және мақұлдауды ұсынамын.

Сөйлеуші:

Мырзатаева Б.М, кеңес мүшесі:

– Осындай қолдаулар балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға және психоэмоционалды жағдайын жақсартуға зор ықпал етеді. Ұсынысты толық қолдаймын.

Балалардың демалуына жағдай жасау – қамқоршылық кеңестің басты бағыттарының бірі. Әлеуметтік теңсіздікті жоюдың нақты қадамы деп білемін.

ІІІ ші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Шоқпарова С.Қ сөз алды:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі  № 158 бұйрығына  13-тармаққа сәйкес көмек алатын санаттар: (мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитын оқушылар үшін)

            1.         Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардағы балалар

            2.         Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы балалар

            3.         Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

            4.         Төтенше жағдайлардың немесе табиғи апаттардың салдарынан көмек қажет ететіндер

            5.         Басқа да қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасы балалары

            6.         Көп балалы отбасылардың балалары (кей өңірлерде)

 Қазіргі таңда 311 оқушының құжаты қабылданды.

Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын 68 оқушы

5 санат бойынша 122 оқушынның құжатын ұсынамын.

Қорытындылай келе — Аталған санаттағы оқушыларды жазғы кезеңде мектеп жанындағы лагерьмен қамту олардың демалысын мазмұнды өткізуге, психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға, қарым-қатынас орнатуға және қоғаммен белсенді араласуына оң әсерін тигізеді деп есептеймін, және де мемлекет тарапынан бөлінетін қаржылай көмекке құжат тапсырған  оқушылардың құжаттарын қабылдайды деп есептеймін.

      Ұсынысым-  Осыған орай, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыдан шыққан 122 оқушының құжаттарын қабылдауыңызды сұраймын.

Сөйлеуші:

Е.Ази, кеңес төрағасы:

– Әлеуметтік әділдікті сақтау мақсатында көмек нақты қажеттілігі бар отбасыларға берілуі керек. Аталған оқушылардың құжаттарын қарап отырып олардың  толық қаржылай көмекке мұқтаж отбасынан шыққан балалар екенін көріп отырмыз және олар қаржылай көмек алуға тиесілі деп білемін.

Қаулы етті:

  1. Мектеп ішінде қолжетімді жерден Қамқоршылық кеңеске арналған ақпараттық бұрыш ашылсын. Ақпараттық бұрышқа: Кеңес құрамының тізімі; Кеңес отырыстарының хаттамалары; Кеңестің жылдық жоспары мен атқарылған жұмыстар; Ата-аналарға арналған байланыс және ұсыныс жәшігі орналастырылсын. Мектеп әкімшілігі мен кеңес мүшелеріне бұрыштың материалдарын жүйелі жаңартып отыру тапсырылсын.
  • Әлеуметтік осал топтағы 75 оқушыға жергілікті бюджет есебінен «Балдәурен» жазғы лагеріне жолдама беру мақұлдансын. Жолдама берілетін оқушылар тізімі әлеуметтік педагог ұсынған тізім негізінде бекітілсін. Мектеп әкімшілігіне жолдама беру және құжат рәсімдеу бойынша тиісті шаралар атқару тапсырылсын.
  • Әлеуметтік осал санаттағы 122 оқушыға қаржылай көмек (монетизация) көрсету мақұлдансын. Қаржы мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға мақсатты түрде жұмсалсын. Мектеп әкімшілігіне қажетті құжаттарды рәсімдеп, жергілікті атқарушы органмен бірлесе іске асыру тапсырылсын.

Қаулы бірауыздан қабылданды.

          Қамқоршылық кеңес төрағасы:                           Ази Е.А

Хатшы:                             Ешова А.К