Худайбергенов Нурлан Мухтарович

 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Худайбергенов Нурлан Мухтарович — 1998 жылы 19-шілдеде дүниеге келді.

2015-2019 жылдары аралығы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде білім алып, үздік дипломмен аяқтады.

2019 жылы жеке оқу орталығында жұмыс жасады.

2020 жылы қыркүйек айында Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжіне физика пәні мұғалімі ретінде қабылданып, 2021-2023 жылдар аралығы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, кәсіподақ төрағасы, қызметтерін атқарды. 2023 жылы қыркүйек айында Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясына физика пәні мұғалімі болып қабылданып, 2024-2025 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2025 жылдың қазан айынан бастап №82 жалпы білім беретін орта мектебіне директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауысып, қазіргі таңда 2026 жылдың қаңтар айынан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.