Искендирова Айнур Тауирбаевна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

ӨМІРБАЯН

       Мен, Искендирова Айнур Тауирбаевна, 1983 жылы 05 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келдім.

      2000 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп, 2003 жылы «Бастауыш сыныпты оқыту» мамандығы бойынша, қосымша «Ағылшын тілін оқыту» бағыты бойынша толық курсын аяқтадым. Сол жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2006 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдадым.

      Еңбек жолымды 2006 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы «№204 қазақ орта мектебінде» бастауыш класс мұғалімі қызметінен бастадым.

      2012–2025 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы «№45 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде және «№70 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқардым.

      Аталған кезеңде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытып, білім алушылардың сапалы білім алуына жүйелі түрде үлес қостым. Оқушыларым мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен түрлі зияткерлік, шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

      Педагогикалық қызметім барысында білім беру сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік жұмыстарға белсенді қатысып, заманауи оқыту технологияларын тиімді қолдандым. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс жүргіздім.

      Әріптестер арасында тәжірибе алмасу, әдістемелік бірлестік жұмыстарына қатысу арқылы кәсіби біліктілігімді үнемі жетілдіріп отырамын. Ұжыммен іскерлік және сындарлы қарым-қатынас орнатып, ата-аналармен және білім алушылармен тығыз байланыста жұмыс жүргіземін.

       Ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттерімнің нәтижесінде мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыруға, оқу процесін үйлестіруге белсенді қатыстым.

       Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы «№82 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарамын. Қызметім барысында оқу процесін тиімді ұйымдастыру, білім сапасын арттыру, педагог кадрлардың жұмысын үйлестіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізудемін.

       Отбасылық жағдайым: тұрмыстамын. Жолдасым және балаларым бар.