✨🎓 КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ 🎓✨
Бүгін мектебімізде Heriot-Watt University және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің мамандары, рекрутер Абдугалиева Райхангуль, Heriot-Watt университетінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Mr. Titus Ohio және қабылдау комиссиясының амбассадорлары Ерсұлтанова Аружан мен Мамбетқызы Мадина 11-сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушылар:
📚 университеттердегі білім беру бағдарламаларымен;
🎯 грант мүмкіндіктерімен;
🚀 болашақ мамандықтардың ерекшеліктерімен танысты.
💡 Мамандықты дұрыс таңдау — болашаққа жасалған маңызды қадам!
Осындай пайдалы ақпарат берген қонақтарымызға үлкен алғыс білдіреміз 🤝🌷
📌 Оқушылар үшін өте мазмұнды әрі қызықты кездесу болды!





