КӘСІП ПЕН КЕЛЕШЕК: МҮМКІНДІКТЕР АПТАЛЫҒЫ

🏥✨ «КӘСІП ПЕН КЕЛЕШЕК: МҮМКІНДІКТЕР АПТАЛЫҒЫ» ✨🏥
Апталық аясында мектебімізге М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мамандары келіп, 10–11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар бағытында мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесуге:
🔹 Қабылдау комиссиясының жетекшісі Рамазанова Акмарал Адиетовна
🔹 Музей жетекшісі Сейтжанова Гаухар Мараловна
🔹 Қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, патологиялық анатомия кафедраларының белсенді студенттері мен университет волонтерлары қатысты.
Мамандар университеттің білім беру бағыттары, грант мүмкіндіктері, студенттік өмір және медицина саласының қыр-сыры туралы кеңінен ақпарат берді 📚
Сонымен қатар оқушылар үшін қызықты практикалық жұмыстар ұйымдастырылды 🧪🩺 Студенттер арнайы құрал-жабдықтарды таныстырып, кейбір медициналық әдістерді тәжірибе жүзінде көрсетіп, оқушыларға өздерін болашақ медицина маманы ретінде сезінуге мүмкіндік берді.
Кездесу өте мазмұнды, әсерлі әрі пайдалы өтті 🌟
🤍 Университет ұжымына, келген мамандар мен белсенді студенттерге уақыт бөліп, кәсіби бағыт-бағдар бергендері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!