Көңілді әрі сенімді бол!

 Тақырыбы: “Көңілді әрі сенімді бол!”

Бүгін 1-сынып оқушыларымен «Көңілді әрі сенімді бол» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, жағымды көңіл-күй қалыптастыру және қарым-қатынас дағдыларын дамыту болды.

Тренинг барысында түрлі психологиялық жаттығулар, сергіту ойындары және топтық тапсырмалар ұйымдастырылды. Оқушылар өздерін еркін ұстауға, өз ойларын ашық әрі сенімді жеткізуге дағдыланды. Сонымен қатар, бір-бірімен жақынырақ танысып, достық қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын түсінді.

Сабақ кезінде балалар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Олар өз сезімдерін білдіруді, бір-бірін тыңдауды және қолдауды үйренді. Жаттығулар арқылы оқушылардың ұжымда жұмыс істеу қабілеттері дамыды.

Тренинг соңында оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болып, өздеріне деген сенімділіктері артқаны байқалды. Қойылған мақсаттарға толықтай қол жеткізілді деп қорытынды жасауға болады.