Келешек мектептерінің білім беру қызметіне зерделеу жұмыстары №82 жалпы білім беретін орта мектепте өз жалғасын тапты.
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалының, Облыстық әдістемелік орталық өкілдерінен құралған жұмыс тобы мектептің жұмыс тәжірибесімен танысып, оқу-тәрбие процесін зерделеді. Мониторинг барысында білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы, оқу-тәрбие жұмысының сапасы, білім алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуы жан-жақты қарастырылды.
Аталған жұмыстар өңірдегі басқа да «Келешек мектептерінде» жалғасатын болады.