Логопед және дефектолог кабинеттерінің жабдықталуы туралы жалпы мәлімет

  Логопед және дефектолог кабинеттері ерекше білім беруді қажет ететін балалардың тілдік, танымдық және академиялық дағдыларын дамытуға арналған арнайы ұйымдастырылған оқу-түзету ортасы болып табылады. Кабинеттердің жабдықталуы білім алушылардың жас ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін және жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып жасалады.Кабинеттер кең, жарық, қауіпсіз және тыныш болуы тиіс. Баланың еркін қозғалуына, жеке және топтық жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылады.

Мақсаты

Логопед және дефектолог кабинеттерін дұрыс жабдықтау – баланың сөйлеу тілін, танымдық әрекетін, оқу-тәрбие процестеріне қатысуын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды. Бұл арнайы педагогтар жұмысының сапасын арттырып, білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін толық ашуға мүмкіндік береді.

Жиһаздар: Биіктігі реттелетін парталар мен орындықтар.Ойын және жаттығу материалдарын сақтауға арналған шкафтар.Ортопедиялық орындықтар (қажет болған жағдайда)

Оқу-әдістемелік құралдар:Логопедиялық айна, артикуляциялық жаттығуларға арналған құралдар.Дидактикалық карточкалар, суреттер, дыбыс және буын кестелері.Әріптік, фонематикалық, лексикалық ойындар.Арнайы оқулықтар мен түзету-дамыту бағдарламалары.Психологиялық-педагогикалық тест материалдары.

АКТ және техникалық жабдықтар:Компьютер немесе ноутбук.Интерактивті тақта (мүмкіндікке қарай).Аудиожазбалар және дыбыстық материалдар.Проектор немесе құлаққаптар.Түзету бағдарламалары орнатылған арнайы қосымшалар

Сенсорлық және дамыту құралдары:Кинетикалық құм, мозаика, тактильді материалдар.Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығу құралдары.Эмоция карталары және коммуникативті ойындар.Баланың өзін-өзі реттеуіне арналған тыныштандыру бұрышы

Қауіпсіздік және қолайлылық:Жұмсақ бұрыштық қорғаныштар.Таймайтын еден жабындысы.Түсінікті бағыттаушы белгілер.Медициналық және санитарлық талаптарға сай жағдай.