Мамандық таңдау – өміріңнің бір кірпішін жасау

 Тақырыбы: Мамандық таңдау – өміріңнің бір кірпішін жасау

“Кәсіп пен келешек: мүмкіндіктер апталығы” аясында 10-сынып оқушыларына “Мамандық таңдау – өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау” тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі тренинг өтті.Бұл жай ғана кездесу емес,болашаққа жасалған маңызды қадам болды.

Тренинг барысында оқушылар:

  • Өз қызығушылықтары мен қабілеттерін саралады;
    • Армандары мен мақсаттарын айқындады;
    • Мамандық таңдауда жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін түсінді.

Әрбір айтылған ой,әр пікір – болашаққа деген сенімнің көрінісі болды.Оқушылар жүрегіндегі “Мен кім боламын?” деген сұраққа жауап іздеп,саналы таңдау жасауға бір қадам жақындас түсті.Өмір үлкен құрылыс.Ал мамандық -сол өмірдің берік қаланған кірпіші.Кірпіш дұрыс қаланса,болашақта нық,сенімді,жарқын болмақ!

Бүгінгі тренинг оқушыларға шабыт сыйлап,өз жолын табуға бағыт-бағдар берген маңызды алаң болды.Арманға сенген ұрпақтың келешегі кемел болары сөзсіз.