🏫✨ Бүгін мектебімізде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиыны өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың 1 сәуірінде ашылған мектебіміз бүгін алғашқы түлектерін үлкен өмірге қанат қақтырды 🎓✨
Биыл мектебімізден 9️⃣0️⃣ жас түлек түлеп ұшқалы отыр. Оның ішінде:
🏅 4 оқушы — «Алтын белгіге» үміткер;
📘 12 оқушы — «Үздік аттестатқа» үміткер.
Салтанатты жиынға арнайы қатысып, жас түлектерге жүрекжарды тілегін арнаған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров мырзаның келуі — мектебіміз үшін үлкен мәртебе әрі зор мақтаныш болды 🙏🏻
Аймақ басшысы түлектерге ақ жол тілеп, олардың ел болашағына қызмет ететін білімді, саналы азамат боларына сенім білдірді.
Шараға сондай-ақ ата-аналар қауымы, білім саласының өкілдері, ардагер ұстаздар мен оқушылар қатысты.









