Мектебімізде 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру бағытында маңызды кездесу ұйымдастырылды ✨

Мектебімізде 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру бағытында маңызды кездесу ұйымдастырылды 🇰🇿✨

Аталған шараға арнайы қонақтар шақырылып, оқушыларға әскери қызметтің маңыздылығы мен болашағы туралы кеңінен ақпарат берілді 📚🪖

Кездесуге Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты өкілі, подполковник Кулшаев Муратбек Каныбекович, Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің топ сержанты – жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығының нұсқаушысы сержант Сапа Азамат Әділбекұлы, сондай-ақ Ақтөбе қаласы Астана және Алматы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының әскери техникалық мектеп жөніндегі инспекторы А. Меңдіғалиева қатысты 👮‍♂️🎖️

Шара барысында оқушыларға әскери оқу орындарына түсу талаптары, оқу үдерісі, әскери мамандықтардың ерекшеліктері мен артықшылықтары түсіндірілді 🎓📖 Сонымен қатар, Отан алдындағы борышты өтеу, патриоттық тәрбие және тәртіптің маңыздылығы жайлы мазмұнды әңгіме өрбіді 🇰🇿💬

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды ❓✅

Кездесу жас ұрпақтың әскери қызметке деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін маңызды шара болды 🚀👨‍🎓👩‍🎓