Амангелді Ануарбек Мейрамбекұлы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Мен, Амангелді Ануарбек Мейрамбекұлы, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келдім.

2015 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша тәмамдадым. Кейін 2019 жылы осы жоғары оқу орнында педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алдым.

Еңбек жолымды 2015 жылы ауыл шаруашылығы колледжінде бастадым. 2015–2018 жылдар аралығында аталған оқу орнында математика пәнінің оқытушысы болып қызмет атқардым. Бұл кезеңде кәсіби тәжірибе жинақтап, білім алушылардың сапалы білім алуына өз үлесімді қостым.

2018-2023 жылдар аралығында «№73 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-де математика пәні мұғалімі болып жұмыс істедім.

2023–2025 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы №74 жалпы білім беретін орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім.  Сонымен қатар, 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап, тамыз айына дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін қатар алып жүрдім. Сабақтарымда оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері мен ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға және білім сапасын көтеруге күш салдым. Жетекшілік еткен оқушыларым мектепішілік, қалалық және облыстық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарға ие болды.

Кәсіби дамуымды үнемі жетілдіріп отырамын. 2025 жылы математика пәні бойынша біліктілікті арттыру курсынан өттім. Республикалық пәндік педагогикалық олимпиадада ІІ дәрежелі диплом иеленіп, республикалық педагогикалық байқауда І орын алдым. Сондай-ақ түрлі республикалық семинарлар мен кәсіби іс-шараларға қатысып, алғыс хаттармен марапатталдым.

Қазіргі уақытта «№82 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде еңбек етіп келемін. Өз жұмысымда жауапкершілік, шығармашылық және кәсіби шеберлік қағидаларын басшылыққа ала отырып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосуды басты мақсатым деп санаймын.