Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледж өкілдерімен кәсіби бағдар беру жұмыстары өткізілді

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледж өкілдерімен кәсіби бағдар беру жұмыстары өткізілді. Кездесуге колледждің өкілі, подполковник Искаков Н.К. қатысып, 9-сынып оқушыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға әскери колледжге түсу талаптары, оқу үдерісі, әскери мамандықтардың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, әскери қызметтің маңыздылығы, тәртіп пен жауапкершіліктің рөлі кеңінен түсіндірілді 🇰🇿

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және Отанға қызмет етуге деген қызығушылығын арттырады ✨