Шығармашылық топтар

📢 Мектебімізде педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, қысқа мерзімді жоспарларды жүйелі құру және сабақтарды тиімді ұйымдастыру мақсатында шығармашылық топтар құрылды. 👩‍🏫👨‍🏫

Аталған топтар мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасуға, сабақ құрылымын жетілдіруге және тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға бағытталады. 📚✨

Әр топ өз жұмыс жоспарын әзірлеп, бекітіп, жүйелі түрде өз жұмысын бастады. 📝📊
Жұмысты үйлестіру директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына жүктелді.

🔍 Бұл бастама – білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам!

✨ Бірлескен еңбек – табыстың кепілі!