«Тәуелсіздік негізі — бірлік жене ынтымақ» атауымен өткен тағылымды концерт журекке жылу, көнілге мақтаныш сыйлады.
Салтанатты кеш Ақжелен домбыра ансамблінін күмбірлеген «Ертұран» күйімен ашылып, көрерменді рухани әлемге жетеледі.🎉 Шара барысында мектебіміздің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қызметкерлер қалалық марапаттарға ие болып, еңбектері лайықты бағаланды.🎗️ Әуезді әнмен жалғасқан кеште Нұрсәт Серік журекке жетер «Жаным қазақ» әнін орындап, керерменнің ыстық, ықыласына бөленді. Ал Ізмет Кәусардың орындауындағы мағыналы «Еңбек» жыр-термесі елдік пен адал еңбектің қадірін тағы бір мәрте айшықтады.
Сондай-ақ, кызметкерлерге мектепішілік марапаттар табысталып, енбектің берекесі сезілді. Кештің көркін Мүрсім Айсұлудың тақырыпқа сай орындалып, «Қазақстаным» әні ашып, Отанға деген сүйіспеншілікті асқақтата түсті. Бұл кеш — бірлігіміздің, ынтымақтастығымыздың және Тәуелсіз ел болудың, айқын көрінісі болды!











