Тәжимишев Абзал Амантаевич

Мектеп директоры

ӨМІРБАЯН

Мен, Тәжимишев Абзал Амантаевич, 1982 жылдың 11 тамызында Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданында шаруа отбасында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.

1999 жылы Ақтөбе қаласындағы №39 орта мектепті тәмамдадым. 1999 жылдың тамыз айында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетіне оқуға түсіп, 2003 жылы «Биология пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алдым.

Еңбек жолымды 2003 жылдың тамыз айында Ақтөбе қаласындағы №6 Ғ.Ақтаев атындағы орта мектепте биология пәнінің мұғалімі ретінде бастадым (2003–2005 жж.).

2010 жылы Ақтөбе қаласының №52 негізгі мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2010 жылдың қазан айы мен 2013 жылдың мамыр айы аралығында Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары қызметінде болдым.

2013 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың қазан айына дейін Ақтөбе қаласындағы №45 орта мектептің директоры қызметін атқардым. 2016 жылдың қазан айында №60 жалпы білім беретін орта мектептің директоры болып тағайындалдым. 2016 жылдан 2025 жылдың 12 қыркүйегіне дейін

Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы директоры қызметін атқардым. 2022 жылдың 24 тамызынан бастап мектепке Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілді.

2025 жылдың 12 қыркүйегінен бастап «№82 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің директоры болып тағайындалдым.

2006–2010 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Жалпы педагогика» мамандығы бойынша аспирантурасында білім алдым. Зерттеу тақырыбым: «Біртұтас педагогикалық үдерісте мектеп оқушыларының адамгершілік қарым-қатынасын қалыптастыруда педагогикалық технологияларды пайдалану».

Аспирантурада оқып жүрген жылдары төмендегідей ғылыми мақалаларым жарық көрді:

Мақаланың тақырыбыБасылымның атауы
1Білім беру процесін технологияландыруБілім беру қызметкерлерінің қалалық тамыз конференциясының материалдары «Білім сапасы Қазақстан Республикасының тұрақты даму және бәсекеге қабілеттілік қағидаттарын қамтамасыз етудің шарты», 2009 ж.
2Адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру – адамгершілік тәрбиенің негізі«Қазіргі әлемдегі жаһандану үрдістері мен мәселелері: мәдениеттер диалогі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары, 2009 ж.
3Білім беру процесін технологияландыруБілім және ғылым министрлігінің «Ізденіс» ғылыми журналы, 2009 ж

2013 жылы «Қазіргі менеджерлік қызметтегі корпоративтік мәдениетті дамыту» тақырыбы бойынша ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсынан өттім.

2015 жылы Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалында «Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы» бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ курсын сәтті аяқтадым. Бағдарлама бойынша жоғары көрсеткіштерім үшін Педагогикалық шеберлік орталығы директоры Е.Қасымбековтің Алғыс хатымен марапатталдым.

2010–2013 жылдары Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары қызметін атқардым. 2016–2018 жылдары мектеп директоры қызметімен қатар Ақтөбе қалалық білім бөлімінің сараптамалық кеңесінің мүшесі болдым.

2014 жылдан бастап «Балқы Базар жырау» қоғамдық қорының мүшесі әрі ұйымдастырушысы болып келемін.

2019 жылдың шілде айында азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесім үшін «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы, облыс әкімі О.Оразалиннің Алғыс хатымен марапатталдым.

2019 жылы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға қосқан үлесім үшін «Қазақстан мәслихатына 25 жыл» №047 төсбелгісімен марапатталдым.

2020 жылы №60 жалпы білім беретін орта мектеп ұжымы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын жеңіп алып, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің 8 500 000 теңге көлеміндегі сыйақы сертификатына ие болды.

2022 жылы 24 тамызда мектепке мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев есімінің берілуіне орай тұлғаның мұрасын насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Соның бірі – 2023 жылдың 5 қаңтарында өткен «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – ғасыр саңлағы» атты І

Республикалық ғылыми-практикалық конференция. Аталған конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысып, шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Алдағы уақытта да білім беру саласын дамыту, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытындағы жұмыстарымды жалғастыра беремін.