«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ»

🏫 Мектебімізде 9–11 сынып оқушыларының ер балаларымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мектептің ішкі тәртіп ережелері мен оқушылардың жауапкершілігі туралы маңызды мәселелер талқыланды.

🔹 мектепке тыйым салынған үшкір және қауіпті заттарды әкелмеу;
🔹 түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеу;
🔹 мектеп формасын талапқа сай кию;
🔹 мектеп мәдениеті мен әдеп нормаларын сақтау;
🔹 мектептің ішкі тәртіп ережелерін орындау.

🤝 Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыру.