Заң және тәртіп» аясында түнгі рейдтік шара


🚨 «Заң және тәртіп» аясында түнгі рейдтік шара өткізілді

Жоспарға сәйкес мектеп инспекторының қатысуымен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүруінің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, ата-ананың жауапкершілігін күшейту және балалардың бос уақытын бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, ата-аналар мен оқушыларға заң талаптарын сақтау, тәртіп пен жауапкершілік жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

📌 Аталған шара «Мектеп–оқушы–ата-ана» өзара бірлескен әрекеті негізінде, алдын алу бағытында өтті.

🤝 Мұндай рейдтік жұмыстар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.