Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары

📚🇰🇿 “Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары” тақырыбында мектебіміздің 2-ауысым сыныптарында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.

Тәрбие сағаттарының негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын құрметтеуді насихаттау, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, ел болашағы үшін білімнің маңызын түсіндіру, сондай-ақ отансүйгіштік пен патриоттық рухты қалыптастыру болды. 🇰🇿✨

Іс-шара барысында оқушылар оқу жылы бойындағы жетістіктері мен табыстарын ортаға салып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Сонымен қатар дарынды, шығармашыл оқушылардың жетістіктері насихатталып, тәрбиелік мәні жоғары мазмұнды жұмыстар ұйымдастырылды.

Мектеп басшысы сыныптарды аралап, оқушыларға жылы лебізін білдіріп, оқу озаттарын мақтау қағаздарымен марапаттады. 👏📜

Осындай тағылымы мол тәрбие сағаттары оқушылардың елге, заңға деген құрметін арттырып, болашаққа деген сенімін нығайтты. ✨