Жаңалықтар

28.03.2026

📚 Мектебімізде педагогикалық кеңестің кезекті отырысы өтті

 📚 Мектебімізде педагогикалық кеңестің кезекті отырысы өтті Педагогикалық кеңес барысында 2025–2026 оқу жылының ІІІ тоқсаны бойынша білім сапасының қорытындылары 📊 талқыланып, оқушылардың жетістіктері мен пәндік, тілдік олимпиадалардың нәтижелері сараланды 🏆 Сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысы 📝 және инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Отырыс барысында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, білім беру сапасын арттыру бағытында […]

Толығырақ

26.03.2026

Әдістемелік кеңес

Әдістемелік кеңес 26.03.26 Мектебімізде кезекті Әдістемелік кеңес отырысы өткізіліп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды мәселелер қаралды. Кеңес барысында 4-сынып оқушыларының логикалық даму деңгейі мен социометрия әдісін жүргізу нәтижелері талданып, оқушылардың танымдық және әлеуметтік дамуына қатысты қорытындылар ұсынылды. Сонымен қатар, аттестатталушы мұғалімдердің қызмет нәтижелері талдамалық тұрғыда жинақталып, олардың кәсіби жетістіктері мен алдағы жұмыс бағыттары қарастырылды. […]

Толығырақ

21 марта 2026

⚜️Дәстүр мен ұрпақ сабақтастығы тоғысқан мекен

«Келешек мектептері» жобасы аясында салынған қаладағы №82 мектепте көктемнің ең маңызды мерекелерінің бірі — Наурыз мейрамы кеңінен және салтанатты түрде аталып өтті.🌿Бұл мереке қала тұрғындарын, педагогтерді, ардагерлерді, оқушылар мен ата-аналарды бір арнаға тоғыстырып, ұрпақтар сабақтастығы мен рухани құндылықтарға деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.Қонақтар ұлттық мәдениеттің байлығын сезініп, қазақтың кең пейілді қонақжайлығын көрді, наурыз-көже мен бауырсақтан […]

Толығырақ

18.03.2026

🌿 Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні 🇰🇿

🌿 Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні 🇰🇿 Ұлттық киім күні – халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін ерекше күндердің бірі. Бұл күн – ата-бабамыздан мұра болып қалған асыл құндылықтарды ұлықтап, ұлттық болмысымызды айшықтай түсетін маңызды мереке ✨ 👘 Ұлттық киім – тек сән үлгісі ғана емес, ол – халқымыздың тарихы, танымы […]

Толығырақ

16.03.2026

Аттестациялық комиссия отырысы

Бүгін мектебімізде аттестациялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында педагог-модератор біліктілік санатына үміткер педагогтер комиссия мүшелерінің алдында өздерінің кәсіби жетістіктері мен педагогикалық тәжірибелерін таныстырып, баяндама жасады. Комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды қарап, педагогтердің кәсіби жетістіктерін, оқу-тәрбие үдерісіндегі нәтижелерін жан-жақты саралады. Аттестация мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға, педагогикалық шеберлігін дамытуға және білім сапасын көтеруге бағытталған маңызды кезең. Барлық […]

Толығырақ

16.03.2026

📢 Мектебімізде профилактикалық кездесу өтті

📢 Мектебімізде профилактикалық кездесу өтті 9, 10, 11-сыныптың ер балаларына арналған профилактикалық жиналыс өткізілді. Жиналысты мектеп директоры мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, полиция аға лейтенант Адаев Асылан Маратович бірлесіп жүргізді. 👮‍♂️ Кездесу барысында оқушыларға:📌 мектептегі тәртіп пен жауапкершілік📌 сабаққа кешікпеу және себепсіз қалмау📌 мектепке тыйым салынған заттарды әкелмеу📌 көктем мезгілінде қоғамдық тәртіпті сақтау📌 кәмелетке […]

Толығырақ

15.03.2026

🌿🤝 14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын! 🤝🌿

🌿🤝 14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын! 🤝🌿 Көрісу күні – амандық сұрасып,жылы лебіз білдіріп,бір-бірімізге ізгі тілектер айтатынерекше күн. ✨ Бүгін біз мектеп әкімшілігінен бастап,кіші қызметкерлерге дейін барлығынКөрісу күнімен құттықтап,жылы тілектерімізді білдірдік. 🤍 Осындай игі дәстүр арқылысыйластық пен бірліктің маңызытағы да айқын сезілді. 🌸 Баршаңызға амандық,денсаулық және береке тілейміз! 🤲 Осындай игі дәстүрді дәріптеп,оқушыларға […]

Толығырақ

13.03.2026

Ашық есік күні өткізілді!

Білім беру ұйымында логопед және дефектолог мамандардың қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – ата-аналарды арнайы педагогтардың қызметімен жан-жақты таныстыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстарының мазмұнын түсіндіру, сондай-ақ ата-аналар мен мамандар арасындағы өзара байланысты нығайту болып табылады. Іс-шараға ата-аналар, педагогтер және білім алушылар қатысып, логопед және […]

Толығырақ

13.03.2026

🌿 Амал келді – Жыл келді! 🌿 

🌿 Амал келді – Жыл келді! 🌿Наурызнама онкүндігі аясында 14 наурыз – Көрісу күні мерекесіне орай мектебіміздің ұжымы облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі және әдістемелік бөлім ұжымдарына арнайы барып, ұлттық дәстүрге сай көрісіп, ақжарма тілектерін жеткізді. 🤝Көрісу күні – халқымыздың ғасырлардан жалғасқан ізгі дәстүрі. Бұл күні адамдар бір-бірімен амандық сұрасып, өткенге шүкір айтып, алдағы […]

Толығырақ

11.03.2026

Калдыбаева Мереке Сыдыковна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Өмірбаян Мен, Калдыбаева Мереке Сыдыковна, 1982 жылғы 4 қарашада Ақтөбе облысы, Темір ауданы Кеңесту совхозында дүниеге келдім. Туған жерім – мен үшін әрдайым қасиетті мекен, өмірге деген құштарлығым мен арман-мақсаттарымның бастауы болған алтын бесігім. 1990–1999 жылдар аралығында Калинин орта мектебінде білім алып, 1999 жылы мектепті тәмамдадым. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ ұстаз […]

Толығырақ

11.03.2026

Әдістемелік кеңес

Бүгін мектебімізде әдістемелік кеңес отырысы ұйымдастырылып, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды мәселелер талқыланды. Кеңес барысында бастауыш сынып пәндері онкүндігінің, мектепалды даярлық тобының, сондай-ақ информатика, физика және математика пәндері апталығының қорытындысы тыңдалды, әдістемелік ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, тәлімгер ұстаздардың жас мамандармен жүргізген әдістемелік жұмыстарының нәтижелері таныстырылып, олардың кәсіби дамуына бағытталған тәжірибелер ортаға салынды. Әдістемелік кеңес ұстаздардың […]

Толығырақ

7.03.2026

✨ Сыйластық – адам бойындағы ең әдемі қасиеттердің бірі.

✨ Сыйластық – адам бойындағы ең әдемі қасиеттердің бірі. 🤝 Сыйластық пен құрмет сезімі әр адамның тәрбиесінен басталады.💭 Бір-бірімізді түсініп, ойын тыңдай білу – нағыз мәдениеттіліктің белгісі.👨‍👩‍👧 Үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсету – қоғамдағы татулықтың негізі. 🏫 Мектеп – тек білім алатын орын емес, сонымен қатар сыйластық пен әдепті үйренетін орта.😊 Бір-бірімізге жылы сөз айтып, […]

Толығырақ

7.03.2026

Құрметті, қымбатты аналар!

⚜️Құрметті, қымбатты аналар!Бізге өмір сыйлап, шексіз махаббат пен қамқорлықтарыңызды арнағандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз.Сіздердің мейірімдеріңіз бен жылулықтарыңыз біздің өмірімізді нұрландырып, жүрегімізге күш пен сенім береді. 🩷Ізгі тілекпен,«Келешек мектептері» оқушылары

Толығырақ

5.03.2026

Үлгілі үйдің қыздары» тәрбиелік кездесу

 Өткізілген күні: 05.03.2026Қатысушылар: 9–10 сынып қыздары Іс-шара тақырыбы:«Үлгілі үйдің қыздары» тәрбиелік кездесу Жауапты мамандар:Психолог -тәлімгер,Мектеп медбикесі – Абайбек Ақжайық Абайбекқызы Каденова Асемгуль Дайыровна Іс-шараның мақсаты:– Қыз балаларды ар-намысты, пәктікті, ішкі және сыртқы сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу;– Салауатты өмір салтын насихаттау;– Зиянды әрекеттердің адам өміріне қауіпті екенін түсіндіру. Іс-шараның өту барысы:9–10 сынып қыздарына арналған тәрбиелік кездесу […]

Толығырақ

5.03.2026

🕊️ «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында эссе жазу жұмысы

 📍 Өткізілген орны: №82 жалпы білім беретін орта мектебі КММ📅 Өткізілген күні 05.03.2026👩‍🏫 Жауапты маман: ____________________👥 Қатысушылар: 9-сынып оқушылары Іс-шара тақырыбы:🕊️ «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында эссе жазу жұмысы Эссе тақырыбы:📝 «Ана деген…» Іс-шараның мақсаты:– Оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы түсінік қалыптастыру;– Анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру;– Оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;– Ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. […]

Толығырақ

5.03.2026

📢 «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес» айлығы

📢 «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес» айлығы 2026 жылдың 24 ақпан – 24 наурыз аралығында өтетін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында мектебімізде бірқатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда. 📚 04.03.2026 – 05.03.2026 күндері 5–11 сынып оқушылары арасында «Туберкулез — инфекциялық жұқпалы ауру» тақырыбында танымдық диктант жазу жұмыстары өткізілді. Диктант барысында оқушыларға:✔️ туберкулез ауруының алдын алу жолдары,✔️ жұғу […]

Толығырақ

4.03.2026

Жалпы білім үдерісінде инклюзивті оқытуды жүзеге асыру: тәжірибе алмасу» тақырыбындағы мектепішілік семинар-практикум

     2026 жылғы 4 наурыз күні №82 жалпы орта білім беретін мектептің кітапханасында «Қазіргі білім беру үдерісінде инклюзивті оқытуды жүзеге асыру: тәжірибе алмасу» тақырыбында мектепішілік семинар-практикум өткізілді.      Семинар-практикумның мақсаты – педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру және тәжірибе алмасу болды.       […]

Толығырақ

3.03.2026

🌸✨ Жаңару мен ізгіліктің жаршысы – көктем! ✨🌿

🌸✨ Жаңару мен ізгіліктің жаршысы – көктем! ✨🌿 Алғыс айту күні қарсаңында көрші, іргелес жатқан Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясына арнайы барып, ақжарма тілегімізді білдіріп қайттық 🤝💐 Наурыздың жақындауы – жүректерге жылылық, ұжымдарға татулық сыйлайтын ерекше кезең ☀️ Осындай игі сәтте әріптес мектеп ұжымымен жүздесіп, өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайту – біз үшін үлкен қуаныш 😊 Көктемнің […]

Толығырақ

2.03.2026

Мен өз жетістігімді еліме арнаймын!

Мен өз жетістігімді еліме арнаймын 🇰🇿 Әрбір жетістігім – тек менің ғана емес, мені тәрбиелеген отбасымның, білім берген ұстаздарымның, қолдау көрсеткен достарымның еңбегі.Менің әрбір қадамым – елімнің болашағына қосқан кішкентай үлесім. Бүгінгі табысым – ертеңгі Қазақстанның дамуына бағытталған сенім.Мен армандаймын, әрекет етемін және сол жетістіктерімді туған еліме арнаймын. Себебі менің жеңісім – менің елімнің жеңісі! […]

Толығырақ

2.03.2026

📍🫶🏻Бүгін – жүректегі ризашылықты сөзбен жеткізетін ерекше күн 🤍

📍🫶🏻Бүгін – жүректегі ризашылықты сөзбен жеткізетін ерекше күн 🤍 Өмір жолында әр адам бізге бір із қалдырады. Бірі қолдау көрсетеді, бірі сенім береді, бірі қиын сәтте жанымыздан табылады.Алғыс айту – әлсіздік емес, керісінше жүректің кеңдігі. Ризашылық білдіре алу – үлкен мәдениет пен адамгершіліктің белгісі.Әрбір жетістіктің артында бірлік, түсіністік және тынымсыз еңбек жатыр. Сол жолда жанымыздан […]

Толығырақ